jasqazaq.kz

Астанада ер адам менингококк инфекциясымен ауруханаға түсті

04 қазан 2018, 16:36

Астанада ер адам менингококк инфекциясымен ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов науқастың қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 1 қазанда түскенін хабарлады. «Науқас Жезқазғаннан келген. Ол — Шығыс Қазақстан облысы Өскемен тумасы. 29 қыркүйекте өзін нашар сезінген. Басы ауырған, дене қызуы көтеріліп, басы айналған. 30 қыркүйекте құса бастаған. Кейін әріптесімен бірге Астанаға келген, достарының үйінде болған. Онда жағдайы одан әрі нашарлай түскен. Астана қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ес-түссіз күйде түскен», — деді Байғабылов брифинг барысында. Ол қазір науқастың жағдайы жақсарғанын және есін жиғанын айтты. Байғабыловтың айтуынша, науқасқа менингококко инфекциясы деген диагноз қойылған. Астана қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары науқаспен байланысқа түскен адамдардың барлығын тексеріп шықты. «Науқас жұқпалы аурулар ауруханасында екі аптадай болады, жағдайы тұрақталған соң ғана ауруханадан шығарылады», — деді департамент басшысы.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді