jasqazaq.kz

Астанада енді әскери оқуға тегін түсе алмағандар үлкен шу шығарды

30 тамыз 2017, 0:03

Еліміздің бірнеше облысынан келіп, Елордадағы «Жас ұлан» мектебіне қабылданбаған жеткіншектердің ата-аналары Бас прокуратурадан әділдік іздеп жүр. Айтуларынша, ұлдары спорттан да, тесттен де жақсы нәтиже көрсетсе де, емтиханнан жаппай құлаған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Әлия Қозыбаева, Астана қаласының тұрғыны:

–Аттестаты толған бес. Нормативі бес. Психотесттің бәрінен өтіп тұр. Төмен балл жинаған балалар бар. Көңілдері қалған Енді «Жас Ұланға» келмейміз деп отыр. Әділдік қайда? Барлық жерде коррупция.

Бас прокурордан араша сұрағандар қолдарына ұлдарының түрлі халықаралық жарыстардан иеленген медаль, дипломдарын да қолтықтай келіпті. Осындай мақтаулы көрсеткіштері бола тұра, 9 сыныпты бітірген балаларының оқуға түсе алмағанына күйініп жүр. Ал, генерал Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» мектебі басшылығының сөзінше, шағымданушылар спорттан алдына жан салмағанымен, психологиялық сынақтан төмен балл алып қалған. Өйткені, жүгіру емес, ішкі төзімділік басты назарда екен. Сонымен қатар оқу орны ешкімді алаламадық деп отыр. Бірақ ашулы ата-аналар «бармақ басты, көз қыстыға» жол берілгенін айтады.

Хамит Байкенов, «Жас Ұлан» Республикалық мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

-«Жемқорлық туралы ата-аналардың қайдан алғанын білмеймін. Медициналық комиссия бізге бағынбайды. Олар өз қортындысын жасады. Бәрі әділ болды.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде