jasqazaq.kz

Астанада экологияға зиянсыз электроавтобустар жүреді

17 қараша 2022, 11:47

Ауаға зиянды қалдықтарды бөлмейтін, экологиялық тұрғыдан таза көлік түрлерін пайдалану уақыт талабы екені белгілі. Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы мақсатта халықты тасымалдау үшін 2023 жылы қала ішінде 300-ден астам электроавтобус жүре бастайды.

Қала басшылығының айтуынша, автопаркті қоғамдық көлікпен жаңарту және толықтыру бағытында, оның ішінде жеке инвестицияларды жұмылдыру есебінен жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Жаңа электроавтобустар автопаркті айтарлықтай жаңартуға, қосымша маршруттарды енгізуге, жолаушылардың автобустарды аялдамаларда күту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
«Сity Transportation Systems» ЖШС қазіргі уақытта электроавтобус паркін 300-ден астам көлікпен жаңарту және толықтыру жөнінде үш инвестормен жұмыс жүргізіп жатыр. Жеке инвестициялар есебінен қалада жаңа автобус паркінің салынғанын да айта кету керек.

«Бұған дейін Астанада күніне жолға 115 электроавтобус шығатын еді. Биыл қыс мезгілінде тағы да осындай 50 көлікті шығару жоспарланып отыр. Электрмен жүретін автобустардың экологиялық тұрғыдан таза екені даусыз және оларды пайдалану экономикалық жағынан да тиімді», — дейді көлік компаниясының өкілдері.

Сонымен қатар, биыл жыл басынан бері қоғамдық көлік маршруттарының 27 схемасы оңтайланып, жаңа бағыттар ашылып, 15 аялдама нүктелері іске қосылыпты. Бұдан бөлек, соңғы жылдары 70 жылы аялдама орнатылған. Қазір тағы да 20 жылы аялдаманы инженерлік желілерге қосу жұмыстары жүргізілуде.

Абзал Ибрагим,
Астана

16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта