jasqazaq.kz

Астанада екі тұрғын менингит күдігімен ауруханаға түсті

07 маусым 2018, 15:03

Елорданың Денсаулық сақтау басқармасы жұқпалы аурулар ауруханасына түскен екі науқастың жай-күйі туралы баяндады.
ҚазАқпарат хабарлағандай, «2018 жылдың 6 маусымында 1985 жылы туған ер адам менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Әзірге оның жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Тексеру жұмыстары жүруде», — делінген басқарманың баспасөз қызметі жіберген хабарламада. Сондай-ақ кеше дәл осы ауруханаға 1980 жылы туған әйел жатқызылды. Алдын ала болжам бойынша, дәрігерлер оған Менингококк инфекциясы, Менингококцемия диагноздарын қойып отыр. «Науқас әйелдің жағдайы орташа, қазіргі уақытта ол аурухананың арнайы бөлімінде жатыр. Екі науқастың да диагноздарының алдын ала болжам екенін еске саламыз. Нақты диагноз барлық зертханалық зерттеулерден кейін ғана жарияланады», — деп мәлімдеді Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы. Еске сала кетсек, Астанадағы Балалар жұқпалы аурулар ауруханасында диагнозы «менингококк инфекциясы» екені расталған екі бала жатыр. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, 2018 жылдың басынан бері Қазақстанда менингококк инфекциясын жұқтыру күдігімен 593 адам қаралған, олардың 213-і емдеуге жатқызылған. 58 науқастан менингококк инфекциясы расталды. Бүгінге дейін он адам емделіп шығарылды, 55-і емін жалғастыруда. Бүгін ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстанның менингиттің шарықтау шегінен өткенін мәлімдеді.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді