jasqazaq.kz

Астанада екі қыз Италия азаматын ұрып-соғып, тонап кеткен

15 желтоқсан 2017, 16:39

Астанада екі қыз Италия азаматын ұрып-соғып, тонап кеткен, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2017 жылдың қазанында қыздардың бірі әлеуметтік желіде өтірік есіммен тіркеліп, Италия азаматымен танысып, кейінірек онымен сауда орталығында кездесу белгілеген.

«Қыздар жігітпен көріскен соң оған сыраханаға баруды ұсынған. Ол болса бұл ұсынысқа келіскен. Сыраханада сағат 23.00-ге дейін болып, сыртқа шығып үйлеріне қайтпақшы болған. Кейіннен қыздар адам жоқ жерде оны күштеп ұстап, бетін таспен ұрып жіберген, онымен қоса, оның iPhone 6S телефонын алып кеткен», — деп хабарлады Астана қалалық сотындағылар.

Астананың Алматы аудандық № 2 сотының шешімен қыздар ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтары бойынша («Тонау») айыпты деп танылды. Сот олардың бірін 4 жылға, ал екіншісін 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды