jasqazaq.kz

Астанада «Eden Life» қаржы пирамидасын құруға қатысты қылмыстық іс қозғалды 

25 шiлде 2022, 17:07

Нұр-Сұлтан қаласында «Eden Life» қаржы пирамидасын құруға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

«Қаржы мониторингі агенттігінің елордалық департаменті «Eden Life» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Тергеу органы қаланың сенгіш тұрғындарымен түрлі сипаттағы инвестициялық бағдарлама келісімдерін жасап, ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға қаражат салуды ұсынған тұлғаларды анықтады. Бұл ұйым өзін портфельдік инвестиция және қаржылық кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық және аналитикалық компания ретінде көрсетеді. Департаментте аса ірі көлемде ақша немесе өзге де мүлікке қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр», — делінген агенттіктің баспасөз хабарламасында. Мәлім етілгендей, Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа деректер тергеу мүддесі аясында жария етуге жатпайды. ҚР Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды қырағы болуға және YouТube хостингіндегі «Eden Life» жарнамасына алданып, жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр