jasqazaq.kz

Астанада дау тудырған баннердің авторы ұсталды

23 шiлде 2018, 19:48

Астана полицейлері «Arman Deluxe» элиталы ТК қоршауында шу тудырған баннерді орнатқан қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баннердегі жазба мынадай: «Біз өзімізді жоғары класс деп есептегендіктен, қоршаумен қоршап алдық. Қаздар доңыздарға көрші емес». Осы баннердің видеосы Фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланды. Ролик авторларының айтуынша, оқиға былай өрбіген: тұрғын үй кешенінің алдына жаяу жүргіншілердің жолын жапқан ұзын темір қоршау орнатылған. Қарама-қарсы орналасқан жатақхана тұрғындары кішкене қақпа жасауларын өтінген. Бірақ, олардың өтініштерін ешкім орындамаған. Оған жауап ретінде көрші үйдің тұрғыны қоршауға осы жазбаны орнатқан. «Елордалық полицейлер ҚР ҚК 174-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұдан бөлек, полицейлер жедел іс-шаралар жүргізу кезінде баннерді түсіріп, таратқан жергілікті тұрғын анықталды. Оған қатысты тергеу жүріп жатыр, оның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады», — делінген хабарламада.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді