jasqazaq.kz

Астанада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

24 қазан 2022, 14:00

Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарамасының ұйымдастыруымен Астанада кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Оған 60-тан астам жұмыс беруші мекемелер мен ұйымдар қатысты. Олардың тарапынан жұмысқа мұқтаж азаматтарға сауда, көлік тасымалы, құрылыс, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету және басқа салалар бойынша 1600-ден аса бос жұмыс орындары ұсынылды. Шараны ұйымдастырушылар еңбек жәрмеңкесіне деген қызығушылықтың жыл өткен сайын артып келе жатқанын айтады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб былай дейді:
— Жыл басынан бері түрлі сала бойынша 700-ден астам адамды жұмысқа орналастырдық. Әлеуметтік осал топ өкілдерін, мүмкіндігі шектеулі жандарды, бұрынғы сотталған азаматтарды және жастарды еңбекпен қамтуға басымдық береміз. Жыл басынан бері 304 жұмыс берушінің қатысуымен 5-рет жәрмеңке өткізілді. Онда өндіріс, қаржы, сақтандыру қызметі секілді түрлі сала бойынша 8 мыңнан аса бос орын ұсынылды.
ҚР Ұлттық ұланға қарасты 5573 әскери бөлімінің өкілі азаматтарды келісім-шарт бойынша әскери қызметке алмақшы. Оның ішінде фельдшер, психолог, жүргізуші, бөлімше командирі, байланыс тобының бастығы сияқты әскери мамандықтар бар. Кадр бөлімшесі бастығының аға көмекшісі, подполковник Ғани Жұмабаевтың айтуынша жұмыс іздеушілерді әскери қызметтің әлеуметтік пакеті қызықтыратын көрінеді. Мәселен, мұнда тұрақты жалақы, еңбек демалысына шыққанда екі жалақы мөлшерінде материалдық көмек, пәтер жалдағаны үшін отбасының әрбір мүшесіне 68 мың теңге төленеді. Ең бастысы 45 жаста ертерек зейнетке шығу мүмкіндігі бар. Әскери бөлім офицері бүгін де тілек білдіруші жас азаматтар баршылық екенін, олардың ішінен іріктеп, талапқа сайларын таңдап алатындарын айтты.

Қаладағы «Перчини» мейрамханасының басқарушы директоры Альбина Салихова осы шараны ұйымдастырушыларға өз атынан алғыс білдірді. Өйткені аспаз, кондитер, технолог сияқты жоғары біліктілікті қажет ететін мамандарды табу өте қиын дейді ол. Бүгінгі жәрмеңке барысында жиырмадан астам үміткерлермен кездесіп, сұхбат құрыпты. Солардың ішінен бірнеше адамды көздеп, көңіліне түйіп қойғанын да айтты.
Астана тұрғыны Зухра Балтабаева да осындай бір орталықтан жұмыс іздудің тиімді екенін қуаттап отыр. Біріншіден, уақытты босқа шығындамайсың, екіншіден мұнда мамандықтар бойынша таңдау мол деген пікір білдірді. «Мысалы, мен өзіме де, тіпті күйеуіме де жұмыс тапқан сияқтымын»,- деді ол бізбен қуана қоштасып жатып.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарамасының өкілдері осындай жәрмеңкелердің алдағы уақытта да жалғаса беретінін айтты.

Абзал Ибрагим,

Астана қаласы

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр