
Әлеуметтік желіде аурухана еденінде жатқан медицина қызметкерінің видеосы таралып кетті. Анықталғандай, ол есінен танып қалған деп хабарлайды Елорда Инфо сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Бұл оқиғаға қатысты Денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді. Мекемеде бұл оқиға Орталық теміржол ауруханасында болғаны жазылған.
Түн ортасында қабылдау бөлімінде кезекшілікте болған медицина қызметкері өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған.
«Бұл видео оған медициналық көмек көрсетілуін күтіп тұрған сәтте түсірілген», — деп түсіндірді Денсаулық сақтау басқармасында.
Одан бөлек, мекеме қызметкерге толық көмек көрсетілгенін айтты.