jasqazaq.kz

Астанада ауа температурасы минус 31 градусты көрсетті

25 желтоқсан 2018, 16:54

Астанада колледждің екі студенті қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Жасөспірімдерді ІІ және ІІІ дәрежелі үсік шалған.
Sputnik жазғандай, «Астанада аязға байланысты 7 адам медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде ІІ және ІІІ дәрежелі үсік шалған екі жасөспірім (колледж студенттері) №2 қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Жасөспірімдердің жағдайы орташа дәрежеде», — деп хабарлады Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Дәрігерлер жеті адамның барлығына толық көлемде медициналық көмек көрсеткен. Бес адам тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге жіберілді.
Үсік шалып, қайтыс болғандар жоқ.    Айта кетсек, кеше 24 желтоқсанда Астанада ауа температурасы минус 31 градусты көрсетті.
Астана қаласының Білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты 25 желтоқсанда бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайтынын хабарлады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық