jasqazaq.kz

Астанада астыртын казино анықталды (видео)

28 тамыз 2018, 12:55

Астанада астыртын казино ашқан күдіктілер ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астаналық Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің мәліметінше, 2018 жылы 15 маусымда «Қыран» арнайы жасағының қызметкерлерімен бірге Абылай хан даңғылының бойында орналасқан астыртын казиноның жұмысы тоқтатылды.

«Ұйымдастырушылар мен покер ойыншылары ұсталды. Азамат А. табыс көзін көбейту мақсатында покер ойынын ұйымдастырған, онда 13 адам ойнап отырған. Іс материалдары сотқа жіберілді», — деді МКМ ЭТҚ офицері Қайрат Ысқақов.

Сондай-ақ, 5 мамырда Қазақстанның екі азаматы қылмыстық топ құрғаны үшін және заңсыз ойын бизнесін ашқаны үшін 5 және 7 жылға сотталды. Олар аса ірі көлемде табыс тауып отырған. 25 мекен-жайдан 47 ойын автоматы тәркіленді. Заңсыз ойын бизнесінен 2016-2017 жылдары аралығында түскен табыс мөлшері — 17 миллион 562 мың теңге. Сонымен қатар, Астанада 2018 жылы 17-24 тамызда 55 мекен-жай тексеріліп, 90-нан аса ойын автоматтары тәркіленді. Сот үкіміне сай, ойын автоматтарының көзі жойылды.

Қазақстан территориясында ойын автоматтарын және казино ашуға тыйым салынған, тек Алматы облысындағы Қапшағай суқоймасының маңында және Ақмола облысындағы Щучинск ауданында қоюға рұқсат етілген.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді