jasqazaq.kz

Астанада Әлихан Бөкейхан музейі ашылды

19 наурыз 2019, 11:37

Астана қаласындағы №76 мектеп-лицейінің ішінен ұлт көсемі, Алаш қозғалысының қайраткері Әлихан Бөкейханға арналған музей ашылды. Бұл туралы «Ақжол» демократиялық партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Музейдің салтанатты ашылу рәсіміне ғалым әрі Әлиханның ұрпағы Ортай Әбдірахманов ақсақал, белгілі алаштанушы ғалымдар — профессор Тұрсын Жұртбай, әлихантанушы Сұлтан Хан Аққұлы, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы және «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсембинов, сондай-ақ ата-аналар мен оқушылар қатысты. Ғалым Сұлтан Хан Аққұлы өз сөзінде бұл Әлиханның құрметіне ресми түрде ашылған тұңғыш мұражай екенін айтып өтті. Жаңадан ашылған мұражайда Алаштың ардақты азаматының портреті, қайраткерлік кезеңдерін көрсететін құжаттық деректері бар арнайы стендтер қойылған. Сонымен қатар, алаштанушы ғалымдар Абай, Алаш, Әлихан, Шәкәрім, Мағжан атындағы дәрісханаларда сабақ өткізді. Ал, мектептің бастауыш сынып оқушылары Алаш тақырыбында мәнерлеп өлең оқыды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда