jasqazaq.kz

Астанада әлем бишілері бақ сынауда

08 мамыр 2018, 21:30

Әлемдік би фестиваліне 15 елден қатысушылар келген. Іс-шараға білім басқармасының қолдауымен Астана қаласының 20 жылдығы аясында бесінші жыл өтуде. Әлемнің түкпір-түкпірінен, атап айтсақ Израил, Италия, Австрия, Румыния, Ресей, Украина, Грузия, Өзбекстан, Белоруссия, Молдавия, Қырғызстан, Әзербайжан, Оңтүстік Корея елдерінен келген мыңнан аса қатысушы өздерінің талабы мен талантын, әр қимылы әбден ұшталған талабын Оқушылар сарайында көрсетуде.

Елорданың намысын Оқушылар сарайының «BOMOND» би клубының ең үздік балдық ансамблінің және кәсіби спорттық би жұптарының жас орындаушылары қорғады. Фестиваль санаттар бойынша байқау бағдарламасы түрінде, жасы бойынша және орындау деңгейі, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес бағдарламалық талаптарға сай өтуде. Бишілердің кәсіби деңгейін Халықаралық би одағының титулды турнирлерінің бас төреші Александр Козыр, фестивалдің бас төрешісі, Ұлттық би кеңесінің президенті Игорь Ким. Сонымен қатар, турнирге жас бишілер қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Олар әлемдік деңгейде өнер көрсетіп жүрген жұптардың өнерін тамашалап өздеріне үлкен тәжірибе алды.

 

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді