
Астанада полицейлер сауда орталықтары мен қонақ үйлерінде алдау арқылы 200 мың теңгені иеленіп кеткен алаяқ әйелді ұстады. Ол 37 жастағы Иран Ислам республикасының азаматы екен. Шетелден келген турист 10 және 20 мың теңгені ұсақ ақшаға ауыстыру үшін кассаға келеді.
Бірақ купюраларды кассирдің қолына ұстатпайды. Алған ақшаны қайта санап, бір бөлігін тығып қалады. Артынан ақша айырбастаудан айнып қалған кейіп танытып, жылдам сыртқа шығып кетеді. Жуырда алаяқ әйелді қолға түсірген полиция қызметкерлері оны уақытша тергеу изоляторына қамады. Алданғандар шетел азаматын таныған. Полиция қызметкерлері алаяқтың арбауынан сан соғып қалғандар болса полиция Департаментіне төмендегі телефондар арқылы хабарласуын сұрайды.
8(7172)71-60-69, 71-60-24, ұялы.тел: 8-702-555-93-23 немесе 102.