jasqazaq.kz

Астанада ақша шашылды (видео)

19 мамыр 2018, 13:41

Оқырман Астанадағы адам ең көп жүретін көшелердің бірінде түсірілген видеоны жолдады, онда өтіп бара жатқан адамдар мен көлік жүргізушілері желмен ұшқан ақшаларды жинап жүр , — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Автордың айтуынша, видео 18 мамырда Бөгенбай батыр даңғылы мен Бейбітшілік көшесінің қиылысында түсірілген.

Видеодан екі жігітті байқауға болады, олар желмен ұшқан ақшаларды жинап жүр. Біраз уақыт өткенде купюраның біразы желмен жолға қарай ұшып кетеді. Жүргізушілер қозғалыстың тығыздығына қарамастан тоқтап, ақша жинайды.

Видеоның авторы кадр сыртында сөйлеп тұр, оның айтуынша, «10 мыңдық купюралар ұшып жатыр». «Мен де біреуін алармын», — деді ол, бірақ оның алдын біреу орап кетті. Астана ІІД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, полицейлер видеоны тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, баспасөз қызметінің мамандары бұл оқиғаға қатысты ешкімнің полицияға арызданбағанын айтты.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді