jasqazaq.kz

Астанада әкелер форумы өтті

14 қазан 2017, 19:26

Оқушылар сарайында Астана әкімдігінің қолдауымен әкелердің қалалық форумы өтті.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Форумға Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ, елорда мектептерінің бетке ұстар оқушылары қатысты. Биыл шара еркін форматта өткізілген болатын. Қатысушылар өзін қызықтырған сұраққа бірден жауап алды. «Біз өзекті деген бірнеше мәселені көтердік. Бұл — өскелең ұрпаққа тәрбие беру проблемасымен, әкелердің бала тәрбиесіне қатысуымен, жаңа технологиялардың балалардың дамуына әсер етуімен байланысты сұрақтар. Біздің басты мақсатымыз — тәрбие саласындағы біліммен, тәжірибемен бөлісу», — деді форум барысында сөз сөйлеген Астана қаласы білім беру басқармасы жетекшісінің орынбасары Дулат Жекебаев. Кездесу  балаларды тәрбиелеу ісіндегі әкелердің мәртебесі мен жауапкершілігін жоғарылатып, отбасылық құндылықтардың дамуы мен нығаюына септігін тигізді. Әкелер одағының төрағасы Қуаныш Жұматаевтың атап өтуінше, тәжірибе жүзінде өткізілетін мұндай форумдар әкелер үшінғана емес, аналар үшін де маңызды. «Бүгінгі күні біздің одақта 17 белсенді әке бар. Алайда ел бойынша қатарымыздағы әкелердің саны бұдан бірнеше есе артық. Республиканың 8 қаласында біздің одақтың өкілдері бар. Қазір біз 15 мыңға тарта адамды қамтып отырмыз. Олар бізді біледі де, қолдайды да», — деді Қуаныш Жұматаев. Қалалық әкелер форумын білім беру басқармасы 2015 жылдан өткізіп келеді. Оны өткізу жөніндегі идея осыдан 5 жыл бұрын Астана қаласының №59 мектебінде көтерілген еді.

 

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты