jasqazaq.kz

Астанада ағалы-інілі бауырлар ауруханада қайтыс болды

06 наурыз 2019, 18:37

Астанада ағалы-інілі бауырлар ауруханада қайтыс болды. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, олар бала кезінен емделуге келмейтін генетикалық аурумен ауырған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Отбасындағы тұңғыш ұл 2012 жылғы бала 22 ақпанда қайтыс болса, 2014 жылғы інісі 5 наурызда қайтыс болған. «Тұңғыш ұлы туа сала ауыр дертке шалдыққан. Екі жыл бұрын өзін нашар сезінген еді, сол кезде оның таяуда қайтыс болатынын айтты. Сонда оны Кореяға апардық, емдедік. Кейіннен тұмау жұқтырып, он күндей ауруханада жатты. Бастапқыда ауруханаға жатқымыз келген жоқ, бірақ бізді жедел жәрдем қызметіндегілер мекенжай бойынша алып кетті. Ал бірақ ауруханадан шыққан соң оның қызылша жұқтырғаны анықталды», — дейді баланың туысы. Артынша оны № 2 ауруханаға жатқызды. «Ол жақтағы дәрігерлерге шағымданбаймыз. Дәрігерлер қолдан келгенін жасады. Сол жақта үлкені қайтыс болды», — дейді балалардың туысы. Кейінірек екінші бала да ауруханаға жатқызылды. «Бізді жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырды. Онда түскенде жағдайы дұрыс еді, тамақ та ішетін, сөйлей де алатын», — дейді ол. Осы ретте балалардың туысы дәрігерлерге шағымын білдірді. Оның айтуынша, екінші бала қайтыс болғанда дәрігерлер оның денесін ұзақ уақыт бермеген. «Бас дәрігер қол қоймағандықтан баланың денесін бермей отырды. Бірде-бір дәрігер келіп, жағдайымызды сұрамады. Дәрігерлерге айтар шағымымыз бар. Олар адамгершілік танытып, жағдайымызды сұраса болады ғой», — дейді ол. Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар екі баланың емдеуге келмейтін генетикалық аурумен ауырғанын айтты. Басқарма өкілдерінің айтуынша, бұл дерттен адамның ішкі органдарының қызметі бұзылып, иммундық жүйесі әлсірейді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда