jasqazaq.kz

Астанада 8 бала менингит күдігімен ауруханаға жатқызылды

18 қазан 2018, 14:04

Астанада 5-16 қазан аралығында сегіз бала сірлі менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған.

«Бүгінде Астанадағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасында алдын ала «сірлі менингит» диагнозы қойылған 8 мектеп оқушысы жатыр. Олардың барлығы әр түрлі мектепте оқиды. 5-16 қазан аралығында әр түрлі мерзімде ауруханаға түсті», — деп хабарлады Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов. Оның айтуынша, қазіргі уақытта балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Тек осыдан екі күн бұрын түскен баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Байғабылов балалардың ауруханадан екі аптадан соң шығатынын айтып өтті. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, департамент басшысының айтуынша, Астанада ешқандай карантин жарияланбайды. Себебі сірлі менингит менингококк инфекциясы сияқты қауіпті емес.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық