jasqazaq.kz

Астанада 5 бала көз жұмған өрт жайлы куәгер айтып берді

04 ақпан 2019, 15:48

Астанада бір отбасының бес баласы көз жұмған қайғылы жағдай туралы куәгерлер айтып берді. Айтуларынша, балаларды құтқарудың мүмкіндігі болмапты.

Астана әкімі қайғылы жағдайға қатысты қара жамылған отбасыға көңіл айтып, шұғыл жиналыс өткізді, деп хабарлайды 24 хабар арнасы.

Жиында отбасыға барлық көмек көрсетуін тапсырды. Аудан әкімдерінен Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, тексеру жүргізуін сұрады. Бұл жайт ТЖД тарапынан кеткен қателік салдарынан болды деген пікір айтты.

Ал, куәгерлердің айтуынша, балаларды құтқару мүмкін болмапты. Өрт сөндірушілер келгенге дейін өртенген үйге кіргендер балаларды алып шыға алмаған.

“Онда шулап жатқанын естідім. Жүгіріп терезеге келдім. Кіріп едім, қап-қараңғы болды. Ештеңе көрінбеді. Ол жақта өте ыстық болды. Қолыммен сипап көріп ем, ештене таппадым”, – дейді отбасының туыстары Жанат Айтымов.

Өрт салдарынан 5 бала қаза болды. Көршілерінің айтуынша, олардың бәрі қыз балалар.

“Ата-анасы жұмыста болды. Әкесі көлік жөндейітн жерде істейді. Анасын білмеймін. Анасы жақында ғана жұмысқа шыққан. Бұған дейін үнемі балаларының қасында болған”, – дейді көршісі Рахим Әшімбаев.

Өрттің шығу себебі ресми түрде айтылған жоқ. Үйдің пешпен және тоқ құралымен жылытылатыны анықталды.

stan.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда