jasqazaq.kz

Астанада 40 млн теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды (Видео)

27 қыркүйек 2022, 10:44

Астана полицейлері 40 млн теңге ақша қаражатын бопсалаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық Полиция департаментіне 31 жастағы қала тұрғыны бопсалау фактісі бойынша арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ЖШС-нің қаржы директоры мен еншілес компаниясының атқарушы директоры қорқыту және интимдік жазбаларды тарату арқылы одан 40 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған. Бұл ретте күдіктілер 15 млн теңгеден астам қаражаттың бір бөлігін иемденіп, қалған соманы бопсалауды жалғастырған. Астана қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екеуін ақша қаражатын беру барысында қылмыс үстінде ұстады, олардан 2 млн теңге көлемінде ақша қаражаты тәркіленді. Аталған факті бойынша аса ірі мөлшерде бопсалағаны үшін ҚР ҚК-нің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр