jasqazaq.kz

Астанада 4 айлық нәрестені жылу құбырына тастап кеткен

09 қазан 2017, 17:54

Елордада жылу құбырынан табылған нәрестенің ата-анасын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Астана қаласының Ішкі істер департаменті хбарлайды.

«Биыл 12 қыркүйекте сағат 07:00-де Есенберлин көшесі 3-үйдегі жылу құбырынан 3-4 айлық ұл бала табылған. Нәресте ақ түсті түкті көрпеге оралған. Үстінде қошқыл жасыл түсті боди болған және ақ жаялыққа оралған. Астана қалалық Ішкі істер департаменті аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 119-бабы «Қауіпті жағдайда қалдыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Оның барысында табылған сәбидің ата-анасын, сондай-ақ болған оқиғаның куәгерлерін анықтау бойынша кешенді шаралар жүргізіліп жатыр» делінген хабарламада. Полиция қызметкерлері нәрестені Мамандандырылған балалар үйіне берді. Осы оқиғаға қатысты кез келген ақпаратты білетін тұлғалар мына телефондар бойынша Астана қалалық Ішкі істер департаментіне хабарлауы қажет: 8 (7172) 71-66-11, 71-66-10, 71-66-49, 71-66-58, ұялы тел.: 8-747-580-71-78 немесе 102.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде