jasqazaq.kz

Астанада 28 жастағы қыз жігітімен ұрысып қалған соң балконнан секіріп кетпекші болды (видео)

23 қыркүйек 2017, 15:49

28 жастағы астаналық қыз жігітімен ұрысып қалып, балкноннан секіріп кетпекші болған, — деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводағылардың мәліметінше, бұл оқиға 22 қыркүйекте шамамен сағат 19.00-де болған. «Учаскелік инспектор 8-қабаттың балконында қызды байқаған. Содан олар бірден жоғары қабатқа қарай жүгіріп, оны тоқтатқан. Қыздың 1989 жылғы екені белгілі болды. Ол өзінің бұл әрекетін жігітімен ұрысып қалуымен түсіндірген. Оған психологиялық көмек көрсетілді. Оқиға орнына құрбысы шақыртылып, оны тыныштандырды», — деді қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова.

https://youtu.be/tCK0rAP7y3w

Ал кейінірек қызды Астана қалалық ІІД Алматы аудандық Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары аға лейтенант Темірхан Қайырбеков пен капитан Асқар Папышевтің құтқарып қалғаны белгілі болды. Полицейлердің айтуынша, олар өздерінің учаскелерінде жоспарлы тексеріс жүргізіп жатқан. Балконнан секіріп кетпекші болған қыздың құрбысының үйіне қонаққа келгені белгілі болды. «Ол жігітімен ұрысып қалған соң құрбысына келгенін айтты. Олар сөйлесіп болған соң қыз үйіне қайтатынын айтқан. Бірақ пәтерден шыққан соң ол райынан қайтып, тағы бірнеше қабатқа жоғары көтеріліп, биіктіктен секіріп кетпекші болған», — деді инспектор Қайырбеков. Сондай-ақ, қыздың ата-анасының Астананың шет жағында тұратыны белгілі болды.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде