jasqazaq.kz

Астанада 20 қазан палау даярланады

06 шiлде 2018, 10:34

Бүгін елордада «ПАЛАУ PАRTY: Астананың 20 жылдығына арналған 20 қазан палау» атты қайырымдылық акциясы өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Шара 6 шілде күні сағат 12:00-де Қажымұқан, 7/1 көшесінде орналасқан «Студенттік» саябағында Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығы, Қазақстан Студенттер Альянсы мен бірлесіп Қазақстан халқы Ассамблеясы және Астана қаласы әкімдігінің колдауымен өтеді. Іс-шара шеңберінде аталған алаңда 4000 адамға арналған 20 қазанда палау даярланады. Қаладағы балалар, қарттар және мүгедектер уйлеріне арнайы палау жіберуы жоспарланған. Сонымен бірге, Астанада 6 шілде күні туған 20 сәбиге сыйлықтар табыс етіледі. Іс-шарда Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Л.Прокопенко, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Аманшаев, ҚР Мәжілісінің Сенат және Парламенті депутаттары, дипломатиялық корпустың өкілдері, ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, этномәдени және жастар бірлестіктерінің өкілдері, қонақтар мен қала тұрғындары қатысады. Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, қоғамдық санасын жаңғырту, этносаралық келісімді және ұлттық бірлікті насихаттау. Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтау, Елбасыға жаңа елорданы құрғаны үшін ризашылықты және бүкіл Қазақстан халқына бейбітшілік пен келісімді дамытқаны үшін алғыс білдіру. Елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақстан өзбектерінің мәдениеті, өнері, тарихи мұрасы, шығыс қонақжайлығы және ұлттық тағам палауды дайындауымен танысуға мүмкіндік алады.

ҚазАқпарат

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді