jasqazaq.kz

Астанада 18 жасар павлодарлық өзін өртеп жіберді

19 желтоқсан 2017, 20:19

Бүгін кешқұрым Астанада 18 жасар павлодарлық өзін-өзі өртеп жіберді. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық ІІД баспасөз ызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова мәлім етті.

«19 желтоқсанда сағат 17:00 кезінде полицияға «Думан» ойын-сауық орталығы маңындағы саябақта белгісіз біреу өзіне бензин құйып, суицид жасағысы келгендігі туралы хабар түсті. Аталған азамат ешқандай талаптар қоймаған. Оқиға орнына шұғыл түрде полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем жіберілді. Оның өртенген киімі бірден өшірілген», — дейді ол. Полицияның анықтауы бойынша аталған жас жігіт Павлодар тұрғыны болып шықты. Ол Астанаға 16 желтоқсан күні қонаққа келген екен. «Бұл оқиға бойынша тексеру жүріп жатыр. Оның қолы мен мойнын күйік шалғандықтан, медициналық мекемеге алып кетті», — деді С. Қылышбекова. Белгілі болғандай, аталған жігіт оқиға орнынан №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды