jasqazaq.kz

Астанада 13 жастағы қызға шабуылдады деген күдікті ұсталды

12 наурыз 2019, 9:47

Астана орталығындағы тоғыз қабатты үйлердің бірінде ер адам тапа-тал түсте 13 жастағы қызға шабуылдады, — деп хабарлайды «Еуразия Бірінші арнасы».

Телеарнаның мәліметінше, оқушы қыз дүкеннен шыққан соң бейтаныс адам соңынан подъездке дейін еріп келген. Бірінші және екінші қабат арасындағы баспалдақта педофил қыз балаға шабуылдаған. Қорқып кеткен оқушы айғайлап, қылмыскердің қолынан сытылып шығып кеткен. Әкесі қаскүнемнің соңынан тұра ұмтылған, кейін полицияға хабарласыпты. Тергеушілер жапа шеккен отбасыдан жауап алып, есіктен саусақ іздерін алған. «Қызым әлі не болғанын түсіне алар емес. Бірнеше секунд. Артынан келіп, ұстап алған, денесінен сипалап, қашып кетті», — дейді әкесі. Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі шабуыл жасаған күдіктіні ұстағанын хабарлады. Ол Астананың 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті 11 наурызда 22:00 шамасында бейнебақылау камерасының көмегімен ұсталған. «Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысына байланысты ақпараттар жарияланбайды», — деді полицияда.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда