jasqazaq.kz

Астана — жастар қаласы

11 қараша 2022, 21:30

Астананың жастар қаласы екеніне дау жоқ. Сонымен бірге, мұнда олардың оқып білім алуына, дамуына, көздеген мақсаттарына жетуіне жан-жақты жағдай жасалған.
Жақында қала әкімі Алтай Көлгіноа астаналық жастармен кездесті. Еркін микрофон форматында өткен жиында ниет білдірген кез келген адам өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Мысалға, сан алуан сұрақтардың қатарында тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, білім беру саласында түрлі оқыту жобаларын енгізу, спорт орталықтарын ашу, жас спортшыларды қолдау және т.б. мәселелер көтерілді.


«Осыған дейін жаттықтырушылар мен спортшыларға жеке медициналық мекеме бөлу туралы проблемасы айтылған болатын. Себебі олар кәсіби тексерулерді өзге пациенттермен қатар өтіп, бірге емделетін еді. Ал бұл спортшылардың дайындық сапасы мен сауықтыру процесіне кері әсер ететін-ді. Енді спортшыларға арналған арнайы медициналық орталық («Нұрлы Жол» теміржол вокзалының жанында) ашылды», — деді Астана әкімі.
Сол сияқты бокс, жекпе-жек өнері орталықтары, жекпе-жек залы және т.б. ашылып, «Толқын» спорт кешені мен «Жастар» сарайында жөндеу жүргізілді. «Қазақстан» спорт кешенін қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.
«Көктал-2» және «Өндіріс» елді мекендерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылыпты. Аталмыш орындарда спорттың 10 түрі бойынша 1 мыңға жуық бала жаттығып жүр екен. Кездесуде А.Көлгінов тағы екі елді мекенде дәл осындай дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүріп жатқанын, бұқаралық спортты қаржыландыруды үш есеге артқанын айтты.
2020-2021 жылдары жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 50 пайызға өссе, биыл тағы 25 пайызға ұлғаймақ. Ал кадр тапшылығын шешу үшін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша гранттар бөлеміз, деп сендірді қала басшысы.
Сонымен қатар, өткен жылы жеңілдетілген несиелеу бойынша арнайы «Elorda Zhastary» тұрғын үй бағдарламасын енгізілген көрінеді. Екі жыл ішінде 3,4 млрд теңгеге несие берілсе, басқа жалға алу бағдарламасы бойынша үш жыл ішінде жұмыс істейтін жастарға 2,5 мыңға жуық пәтер бөлінген.

«Жастарды жұмыспен қамту бойынша былтыр 6 мың жас жұмысқа орналасты. Жыл соңына дейін тағы 6,5 мыңнан астам жасты жұмысқа орналастыруды жоспарда бар. Сондай-ақ, бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін де гранттар береміз. Келіп түскен сұрақтарды шешу мәселесі қолға алынды, орындау кестесін жасаймыз», — деді сөзінің соңында А.Көлгінов.

Абзал Ибрагим,
Астана

16 маусым, 15:46
Футбол: Азия мен Африканың аты озып тұр
16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
16 маусым, 12:08
Үй аумағында көлік қоюға қатысты ІІМ ресми түсініктеме берді (Видео)
15 маусым, 21:30
Атышулы kizdar.net сайтының артында кімдер тұр? (Видео)
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку