jasqazaq.kz

Астана вокзалын «миналаған» ер адам ұсталды

27 желтоқсан 2017, 14:56

Полиция елордалық вокзалға бомба қойылды деп жалған хабар берген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Астана қаласының көліктегі ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

27 желтоқсанда түнгі сағат бір кезінде «112» нөміріне белгісіз бір адам хабарласып, Астана қаласының ескі теміржол вокзалына жарылғыш құрылғы орнатылғанын хабарлаған.

Оқиға орнына барлық жедел қызмет шұғыл келіп жетті. Вокзал аумағы қоршалып, 150 адам қауіпсіз жерге шығарылды, олардың 50-і – теміржол қызметкері, 100-і – жолаушылар.

Ғимаратты тінту барысында жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Аталған дерек жалған терроризм бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестріне тіркелген.

Жедел іздеу шаралары нәтижесінде вокзалдағы «бомба» туралы хабарлаған 64 жастағы ер адам ұсталды, қазір уақытша ұстау изоляторында отыр.

Вокзал штаттық режимде жұмыс істеп, пойыздар кешіктірілген жоқ.

Жалған хабар берген қарт адам алты жылға сотталуы мүмкін.

sputniknews.kz

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде