jasqazaq.kz

«Астана» университеті тексеруге кедергі жасағаны үшін айыппұл төлейді

10 қараша 2020, 16:08

«Астана» университеті тексеру жүргізуге кедергі жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды және 200 АЕК (555 600 теңге) айыппұл төлейді.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова айтып берді.

«Астана» университетінде тексеру жүргізуге бір жылда екі рет әрекет жасалды. Студенттердің өтініші негізінде тексеру тіркелді. Комиссия тексеруге шықты. Алайда университет тарапынан ғимаратқа кіруге кедергі жасалды. Кедергі жасау бойынша сот процесі бүгінгі күні аяқталды. Университет әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартылды», — деді комитет басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, екінші тексеру биылғы көктемде профилактикалық бақылау ретінде жоспарлы негізде өтуі тиіс еді. Алайда, университет қажетті құжаттарды бермей, тексеруге кедергі келтірді. Онда да университет әкімшілік жауапқа тартылған.

«Осыған байланысты университетте ешқандай тексеру жүргізілген жоқ. Бірақ осы университеттің биылғы түлектері дипломдардын уақытылы ала алмады. Себебі университет биылғы тамыз айында ғана аккредитациядан өткен. Тиісінше, түлектер магистратураға түсе алмады, бірден жұмысқа орналаса алмады», — деді Г. Көбенова.

Қыркүйек айында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Астана» университетіне жоспардан тыс тексеруді бастаған еді, оған 14 студенттің шағымы негіз болды.

ҚазАқпарат

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия