jasqazaq.kz

Астана әуежайындағы автотұрақ бағасы арзандайды

21 қыркүйек 2017, 13:04

Елордадағы «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайындағы автотұрақ бағасы арзандайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Астана LRT» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Халықаралық әуежайдағы қысқа мерзімді P-1 тұрағының тарифтеріне талдау жүргізе отырып, компания басшылығы мен әуежайдағылардың тарифті өзгертіп, бағаны төмендету туралы шешім қабылдағандарын хабарлағымыз келеді», — делінген компанияның Facebook желісіндегі парақшасында. Еске сала кетейік, осыған дейін Астана әуежайында автотұраққа бір тәулікке қойылған көлік үшін 57 мың теңгенің төленгені жайлы айтылған болатын. Паркоматқа қаражат төлеу сәті түсірілген видеоны Instagram желісіне белгілі әнші Қайрат Баекенов жариялады. Кадрларға қарағанда, мұндай қыруар қаражатты көлікті бір тәулік және он сағатқа қойылған көлік үшін төлеу қажет болған. Сондай-ақ, «Астана Арланс» клубының бұрынғы бас директоры, қазірде Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев Instagram желісінде Астана әкімі Әсет Исекешевке әуежайдағы автотұрақ құнының шектен тыс қымбат екенін айтып, шағымданған болатын.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде