jasqazaq.kz

Астана тұрғыны: Құм аралас су ішіп отырмыз (видео)

12 ақпан 2018, 13:03

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша салынған көппәтерлі үйді қала әкімдігі екі жылға кешіктіріп тапсырған еді. Енді, ауыз су мәселесі басталды. Сауран көшесіндегі 20-үйдің тұрғындары төрт айдан бері құм аралас суды ішіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылы күз айында суық суды қосқанда құм шыға бастады. Оның өзін бірден байқаған жоқпыз. Оған дейін тамақ әзірлеуге пайдаландық. Бір күні ыдыс-аяқ жуып жатқанда ақ кесенің түбіндегі құмды байқадым. Бірден дабыл қағып, қызмет көрсетуші компанияға хабар бердік. Алайда бір күн өтті, екі күн өтті, бір апта, төрт ай болды, құм толастайтын емес. Кір жуғыш машинкаларымыз бітеліп жатыр. Ауыз шаюға, тіс жууға қорқамыз. Унитаздың су жинағышы құмға толып кетті. Сұмдық қой! Астананың қақ ортасында отырып, құм аралас суды ішіп отырмыз», — дейді Гүлмира есімді тұрғын.

Аталған үйге «Альянс Сервис» ЖШС қызмет көрсетеді. Компания басшысы Беймбет Уәлиевтің айтуынша, құм аралас судың шығуына «Астана Су арнасы» МКК жауапты. Себебі ортақ құбырдың бір жері тесілген. Енді, құм аралас топырақ магистральға түсіп, «Сауран-20» көппәтерлі үйге кетіп жатыр. «Мен оларға талай рет айттым, ортақ құбырдың тесілген жерін табу қажет. Біз былтырдан бері хат жазып жатырмыз. Былай да қоңырау шаламыз. Соңғы кезде олар үндемей құтылатын болды. Мен анық айта аламын, ортақ құбыр бір жерінде тесілген. Жердің астында болғаннан кейін көрінбейді. Су сорғыларын өшіргенде құбыр құм аралас топырақты ішіне тартып алады. Ал су сорғылары қайта қосылғанда «Сауран-20»-ға қарай айдайды. Осыны айтсам, тыңдамайды. Құбырдың жарылған жерін іздегісі келмейді-ау деймін. Судың жер бетіне шыққанын күтіп жүрген шығар. Осы Сауран мен Сығанақта ылғи құбыр жарылады», — деді Б.Уәлиев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында. Оның айтуынша, бас кезінде құмға қарсы фильтрді қойып көрді. Алайда аталған құрылғылар бірден бітеліп қалады. Себебі ортақ магистральдан келетін құм толастамай жатыр. «Фильтр он минуттың ішінде бітеліп қалады. Оны олай да, былай да қойдық. Түк шықпады, фильтр бітеледі де су жоғары қабаттарға көтерілмейді. Сосын фильтрді мүлдем алып тастадық», — деп атап көрсетті Б.Уәлиев.

https://youtu.be/43AN3co31BE

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды