jasqazaq.kz

Астана тұрғыны 10-қабаттан құлаған баланы тосып алды (видео)

25 қыркүйек 2018, 17:18

Оқиға 24 қыркүйекте елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Құтқару видеосы Instagram желісінде жарияланды.

Tengrinews.kz  жазғандай, баланы құтқарған — 28 жастағы Артем Караев сол үйдің төменгі қабатында тұрады екен. Ол болған жағдайды айтып берді. «Мен балконға шықтым, айғайлаған дауысты естідім, адамдар айғайлап жүгіріп жүр екен. Барлығы мен жаққа қарап тұр. Жоғары қарасам, бала салбырап тұр екен. Ол төменге қарай құлдилай бастағанда, мен оны тосып алдым. Балконға қарай тарттым», — дейді жігіт. Оның айтуынша, баланың жасы шамамен жетіде. Көршілер жедел жәрдем мен құтқарушыларды шақырған. «Анасының жағдайы нашарлап кетті. Ол сыртта болды, төменнен қарап тұрған. Мен оның анасын білемін, көрші ретінде амандасым тұратынбыз», — дейді Артем. Баланы құтқарған жігіт онымен сөйлесіп үлгерген. Ол осылайша сыртқа серуендеуге шықпақшы болған екен. «Үйде жалғыз болдым дейді. Анасы 15 минутқа үйден шығып, есікті құлыптап кеткен екен. Іші пысқан соң, ол далаға шығып, серуендегісі келген. Ол бәтеңкесін, бас киімін және күртесін киіп алған. Маса үйге кірмеуі үшін жасалған торды пышақпен кесіп, төмен қарай түсе бастағанда ілініп қалған. Мен балконға шыққанда оның көмектесіңіздер деген дауысын естідім. Өзім де аң-таң болып қалдым. Ыңғайланып тұрдым да, дер кезінде құтқарып қалдым», — дейді Артем Карев. Құтқарылған баланың анасымен Артем сол күні сөйлесіп үлгермеген. Болған жағдайдан соң жедел жәрдем дәрігерлері анасын қараған. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіндегілер оқиғаның 24 қыркүйекте Астанада болғанын айтады. «10:16-да баланың 10-шы қабаттан құлауына қаіп бар деген хабарлама түскен. Елордалық № 2 мамандандырылған өрт сөндіру қызметінің кезекші бөлімі 10:22-де жеткен. Құтқарушылар жеткенше, 2012 жылы туған баланы тоғызыншы қабатта тұратын көршісі құтқарғаны анықталған. Баланың жағдайы жақсы, ол ата-анасына тапсырылды. Көмек қажет болмады», — деді ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің өкілдері.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді