jasqazaq.kz

«Астана-Теміртау» күре жолы қыркүйек айынан бастап ақылы болады

15 тамыз 2018, 11:48

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап сынақ режимінде «Астана-Теміртау» күре жолында жол жүру ақысы енгізіледі, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Астана-Теміртау» жолын қыркүйек айынан бастап сынақ режимінде енгізу жоспарланып отыр. Менің ойымша, ол бір тоқсан ішінде сынақ режимінде жұмыс істейді, содан кейін біз қарайтын боламыз. Қазіргі кезде төлем төленетін терминалдар орнатылып, жабдықтар жеткізілді», — деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның баспасөз хатшысы Бауыржан Серікбаев. Айта кетейік, төрт жолақты жолдың ұзындығы 170 шақырымды құрайды. Транзиттік жеңіл автокөліктер үшін тариф 1 шақырымға — 1 теңге. Жолға жақын елді мекен тұрғындары үшін жеке тарифпен төленеді — жылдық құны 1000 теңге, деп қосты Бауыржан Серікбаев. 15 тоннадан асатын ауыр жүк көліктерінің тіркемелерімен, сондай-ақ жолаушылар автобустарының құны сынақ режимінен кейін анықталады. Төлем әдістері: төлем нүктелерінде қолма-қол ақшамен төлеу; Qiwi терминалдары, касса 24; Интернет-төлем (payway.kz); банктік карточка; жеке шот (заңды тұлғалар үшін).

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық