Астана театрындағы қос мерейтой

30 қараша 2022, 10:27


Астанадағы «Жастар» театры қос мерейтойды қатар атап өтті деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қзыметі. Театрдың 15 жылдығы мен осы өнер шаңырағының негізін қалаушы режиссер, Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбайды 75 жасымен құттықтауға мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ әріптестері мен көремендері келді.

Мерекелік кештке жиналғандар оның театр және кино жұлдыздарына айналған шәкірттердің тұтас бір тобын тәрбиелеп шығарғанын атап өтті. Олардың қатарында Әділ Ахметов, Дәурен Серғазин, Айнұр Рахипова, Назерке Серікболова, Мейірғат Амангелдин және басқалары бар. Осы уақыт ішінде «Жастар» театры репертуарында елордалық көрермендердің  көңілінен шыққан көптеген жанрлық спектакльдерді қойды. Артистердің пікірінше, олар кәсіби дамудың әртүрлі кезеңдерін бастан өткерді.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері үшін Алматыдан Астанаға өшу тұрмыстық қиындықтармен қатар жүрді. Актерер алғашқы кезде жатақханада тұруға, костюмдерді өз бетінше тігуге, декорациялар мен реквизиттерді іздеуге, жасауға және тасымалдауға мәжбүр болды. Ұзақ уақыт бойы жастар эксперименталды театрдың өз ғимараты болған жоқ, сондықтан актерлер «Жастар» сарайынан циркке дейін әр түрлі
жерлерде өнер көрсетті. Бүгінде әртістер осынау қиын жылдарды жымиып
еске алады. Бас режиссер Н.Жақыпбайдың кәсіби біліктілігінің арқасында
театр халықаралық және республикалық деңгейдегі фестивальдерге қатысып,
жүлделерге ие болып отырды.

«Қиялдан қияға самғаған бір пендең…» кітабының тұсаукесерінде театртанушы Назерке Жұмабай өзін көрнекті актер, режиссер және педагог ретінде танытқан Нұрқанат Жақыпбайдың жан-жақты шығармашылығын зерттеуге аса қызығушылық танытқаны туралы мәлім етті. Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен Н.Жақыпбайды мерейтойымен құттықтап, қала әкімАлтай Көлгіновтің атынан құттықтау хатын оқып берді. Кеш соңында көрермендер назарына «Ромео мен Джульетта» премьералық қойылымы ұсынылды. Шекспирдің ең танымал пьесаларының бірі қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерімен ерекше үйлесім тапқанын айта кету керек. Жаңа қойылымда махаббат туралы өлмес трагедия басқа бағытта өрбіді. Сиқырлы шаман билері, көшпенділердің костюмдері, динамикалық жиынтықтар және басқа да сәтті шешімдер қойылымға ерекше сипат беріп, өмірдің мәні мен өлім туралы мәңгілік сұрақтар төңірегінде ой толғауға мәжбүр етеді.

Абзал Ибрагим

27 наурыз, 16:38
Ұсақ-түйек емес: шұлық өндірісіне де қолдау қажет!
27 наурыз, 12:30
Берік Солтанбаев: Алматыда кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау жасалып отыр
26 ақпан, 15:10
Дархан Мыңбай: Кәсіпкерден дәметіп күнелтетін масылдар, әкімдік есігінен сығалауға машықтанған тоғышарлар бар
26 ақпан, 12:34
Қазақ баспасөзі: Сантараулы салалық журналистика
25 ақпан, 14:23
Фатима Жүнісова: Диванда жатып, «мемлекет асырасын» дейтіндер жетістікке жете алмайды
22 ақпан, 15:50
Кәдірбек Құныпияұлы: Газет санасы сарабдал, ойлы да сауатты оқырманмен бірге мәңгі жасай бермек!
21 ақпан, 16:51
Масылдық психологиядан қалай арыламыз?
21 ақпан, 14:48
Мақсұтбек Пірметов: Бізге артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр
14 ақпан, 15:49
«Сізде болады. Бізге болмай ма?»