jasqazaq.kz

Астана полициясы Бекетованы өлтірген күдіктінің кім екенін анықтады

26 қыркүйек 2018, 10:39

Бекетова пен Гусейнов заң жүзінде отбасын құрмаған. Қылмыскерді ұстауға елордалық ІІД жеке құрамы толықтай жұмылдырылған. ІІМ мәліметінше, осы қылмыс үшін Астана тұрғыны Гусейнов Анатолий Михайлович іздестірілуде екен.

КТК  жазғандай, екеуінің ортақ екі баласы бар «Қайғылы оқиға өткен түні болған. Журналист Ирина Бекетованы бірге тұрған Анатолий Гусейнов қызғаныштан өлтірген. Ол оны кіреберісте ер адаммен кездестірген. Қайтыс болған әйелмен ер адамның арасында жанжал шыққан. Осы ұрысты көрген танысы кетуге ұйғарған. Алайда кетіп бара жатып, ер адамның әйелді ұрып жатқанын естіген. Жоғары көтерілгенінде әйелдің ес-түссіз жатқанын көріп, жедел жәрдем шақырған. Бұл кезде Гусейнов белгісіз бағытта қашып кеткен», — дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев. Естеріңізге сала кетейік, кеше Астанада өз үйінің кіреберісінде журналист Ирина Бекетованы өлтіріп кетті. Ирина Бекетова Nur.kz порталының Астана қаласындағы тілшісі қызметін атқарған. Шамамен 12 жыл «Қазақстан теміржолшысы» газетінде жұмыс істеген.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді