jasqazaq.kz

«Астана» өз алаңында «Маккабиді» ірі есеппен жеңді (видео)

20 қазан 2017, 9:49

Футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңінің үшінші турында “Астана” өз алаңында “Маккаби Тель-Авивті” 4:0 есебімен ойсырата ұтты.

Ойынды қос команда да бақылаумен бастады. Алғашқы минуттарда ширақ шабуылдар мен қауіпті сәттер көп бола қойған жоқ. “Астана” ойыншылары соққы бағыттағанмен, қақпашының тура қолынан табылып жатты. 32 минутта “Маккаби” ойыншылары ереже бұзып, бас төреші Сергей Бойко айып соққысын белгіледі. Патрик Твумаси тепкен доп жартылай қорғаушы Дор Перецтің қолына тиді. Қонақтар қақпасына пенальти соққысы белгіленді. 11 метрлік нүктеден Патрик Твумаси мүлт кеткен жоқ. Есеп 1:0.

42 минутта Дмитрий Шомконың әуелете асырған пасына Патрик Твумаси бірінші жетіп, ойындағы екінші голын соқты.

Екінші тайм басталған тұста Джуниор Кабананга Придраг Райкович қақпасында үшінші рет допты тулатты. “Астана” командасы шабуылшысының айып алаңы сыртынан тепкен добы тура қақпа торынан табылды. Араға 5 минут сала Дмитрий Шомко бірнеше ойыншыны алдап өтіп, Кабанангаға сәтті пас берді. Шабуылшының шиіре тепкен добы қақпа торынан табылды.

Одан кейінгі аралықта “Астана” ойыншылары бірнеше рет жүйелі шабуыл ұйымдастырғанмен, қонақтар қорғаушылары бесінші голды соғуға мүмкіндік бермеді.

Үш ойын қорытындысы бойынша “Астана” 4 ұпаймен көш басына шықты. Ал “Вильярреал” (Испания) мен “Славия Прага” (Чехия) командалары 2:2 есебімен тең тарқасты.

https://youtu.be/Tj9pZMpQJ-8

Stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде