jasqazaq.kz

Астана орталығында алапат өрт болды (видео)

18 қыркүйек 2017, 10:34

17 қыркүйекте кешкі уақытта Астанадағы Бейбітшілік көшесінде орналасқан «Драфт» кафесінде өрт шықты. Кафе төрт қабаттан тұратын «Өркен» бизнес-орталығының ғимаратында орналасқан. 

Кафенің асханасында ауа сорғышы мен сыртқы қабаты өртеніп, өрт ғимараттың төбесіне көшкен. «Өртті сөндіруге жеке құрамның 90 адамы мен 27 дана арнайы техника жұмылды. Ешкім зардап шеккен эоқ. Алдын ала өрт шалған аумақ — 400 шаршы метр. 40 адам эвакуацияланды. Өртті жылдам сөндіру үшін ғимараттың төбесі сүрілді. Өртті сөндіруге үш орын белгіленіп, оқиға орнында өрт сөндіру бойынша жедел штаб құрылды», — деді спикер. Бизнес орталығының территориясы қоршауға алынған. Өрттің таралуын 01.43-те тоқтату мүмкін болған. Фото: Комитет по чрезвычайным ситуациям/tengrinews.kz Куәгерлердің білі Ильдар Калимуллин өрт басталған уақытты видеоға түсіріп алған.

 

https://youtu.be/8ASXlXKzI1Y

https://youtu.be/LFJAPjthnq4

tengrinews.kz

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде