jasqazaq.kz

«Астана» «Ордабасыдан» жеңіліп қалды

23 маусым 2019, 22:45

Бүгін футболдан Премьер-лиа командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 15-тур ойындары болып өтті. Аталмыш турдағы негізгі кездесу Шымкент қаласында өткізілді. Жергілікті «Ордабасы» елордалық «Астана» командасын қабылдады.

Кездесудің 28-минутында алаң иелері қатарынан Мардан Төлебек есеп ашса, Мирзад Механович 36-минутта есепті үстемелей түсті. Бұдан кейін 44-минутта «Астана» ойыншысы Марин Томасов есеп айырмасын қысқартты. Екінші кезеңнің 47-минутында шымкенттік Тоқтар Жаңғылышбай мергендік танытты. Оған «Астана» сапынан 75-минутта Роман Муртазаев бір голмен жауап қайырды. Ойын 3:2 есебімен «Ордабасының» жеңсімен аяқталды. Турнир кестесінде екінші орында келе жатқан Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдады. Аталмыш кездесуде қостанайлықтар қатарынан Сенан Себаи 58-минутта есеп ашса, 69-минутта Азат Нұрғалиев есепті үстемелей түсті. «Тобыл» «Оқжетпесті» 2:0 есебімен тізе бүктірді. Қызылорданың «Қайсар» командасы өз алаңында «Таразбен» кездесті. Алаң иелері сапынан Куле Мвомба есеп ашса, 30-минутта Абзал Таубай таразы басын теңестірді. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Павлодарда жергілікті «Ертіс» пен Қарағандының «Шахтер» , Алматыда «Қайрат» пен Талдықорғанның «Жетісу» командалары 0:0 есебіне қанағат білдірді. Дәл қазір Атырауда жергілікті «Атырау» мен «Ақтөбе» командалары арасындағы кездесудің бірінші кезеңі аяқталды. Әзірге есеп 1Ү1. Енді 16-тур ойындары 30 маусым күні өткізіледі. Бұл күні «Ақтөбе» мен «Ертіс», «Астана» мен «Қайрат», «Жетісу» мен «Тобыл», «Оқжетпес» пен «Атырау», «Ордабасы» мен «Қайсар», «Шахтер» мен «Тараз» командалары кездеседі.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде