
Қазақстан Парламенті Астананың атауын өзгерту туралы ұсынысты мақұлдады.
«Сенаттағы 43 депутаттың 43-і келісті. Мәжілістегі 103 депутаттың — 103-і келісті. Осылайша, құрметті әріптестер, тарихи шешім қабылданды», — деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин палата отырысында.