jasqazaq.kz

Астана мен Алматыдағы кей базарлар мемлекет меншігіне қайтарылады

20 қыркүйек 2022, 17:25

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі Zakon.kz-ке экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы күрес жөніндегі комиссияның қызметі туралы айтып берді.

Мысалы, ведомствоның мәліметінше, сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану және олигополияның меншігіне өткен нысандарды мемлекет меншігіне қайтару жүргізіліп жатыр.

Комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбек соттар прокурордың мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы жалпы сомасы 13,5 миллиард теңгеге жуық 10 талап арызын қарап жатқанын нақтылады.

Олардың ішінде мыналар бар:

«Шапағат» капитал нарығы;

Шымкент қаласындағы қоқыс өңдеу кәсіпорындары – «Таза қала» МКК және «ЛТД Тұрмыс» ЖШС;

«Қазақ инновациялық университеті» ЖШС меншігіндегі Шымкент қаласындағы 150 га жер телімі, құны 4,5 млрд теңге;

«Сарыағаш» санаториялық-курорттық кешенінен 1,44 га жер;

Ақмола облысында 17 мың га жер;

Алматы қаласында құны 2,9 млрд теңгеге 3,84 га жер;

«Найза-БН» ЖШС жарғылық капиталының 65%-ы (Алматы қаласындағы «Барыс-4» базары) бағалау құны 1,5 млрд.

Бұған дейін Қазақстанға келтірілген шығын өтеліп, жалпы сомасы 523 миллиард теңгеден астам мүлік қайтарылғаны белгілі болды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр