jasqazaq.kz

Астана маңынан төрт баланың денесі табылды

25 маусым 2018, 11:21

Астана маңындағы Пригородный кентінде суға батып кеткен төрт баланың денесі табылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.

24 маусым күні Пригородный кентінде, Нұра-Есіл каналы маңында үш бала жоғалып кетті деген ақпарат түскен. Оқиға орнына дереу Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағының қызметкерлері аттанды.

Иманқұлов мәлімдегендей, алғашында үш бала туралы ақпарат түскен, кейін іздеу барысында тағы бір бүлдіршіннің суға кеткені анықталды.

«Іздеу жұмыстары бүгін аяқталды. Таңғы сағат 05:17-де Нұра-Есіл каналынан 2007, 2006, 2007 және 2009 жылғы балалардың денесі табылып, судан шығарылды. Балалар рұқсат етілмеген жерде шомылып жүріп, суға кеткен», — делінген хабарламада.

ТЖ комитеті ата-аналарға жаз мезгілінде балаларға абай болуды, қараусыз қалдырмауды тағы бір мәрте ескертеді.

sputniknews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде