jasqazaq.kz

«Астана» «Манчестер Юнайтедтен» айласын асырды

29 қараша 2019, 10:33

Елордалық «Астана» УЕФА Еуропа лигасы топтық кезеңінің бесінші турында англиялық «Манчестер Юнайтедтен» айласын асырды.

Ағылшын клубы Нұр-Сұлтанға резервтегі ойыншыларын алып келген болатын. «МЮ-дің» жас футболшылары ойынды белсенді бастап, есепте алға шықты — 10-минутта Джесси Лингард алыстан дәл соққы жасады. Үзіліске дейін қонақтар допқа көбірек ие болып, жиі соққы бағыттады. Ал екінші таймды «Астана» қос голмен бастады. 55-минутта Роман Мұртазаевтың пасынан кейін Дмитрий Шомко таразы басын теңестірген.

Араға бірнеше минут салып, алаң иелері алға шықты — Ди’Шон Бернард допты өз қақпасына тоғытты. Жеңіліп жатқан «Манчестер Юнайтед» Ненад Эрич қақпасына жиі шабуылдай бастады. Бірақ «Астана» қақпашысы екі бірдей сейвпен командасын құтқарып қалды. Астаналық команда соңғы ысқырыққа дейін жеңіс есебін жіберген жоқ, 2:1 — «Астана» топтық кезеңдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда