jasqazaq.kz

«Астана LRT» Ханчжоу шығанағындағы көпірден екі есеге қымбат болып шықты

20 тамыз 2020, 14:07

Елордадағы жемқорлық символына айналған LRT құрылысы әлеуметтік желіде тағы да дау тудырды. Сарапшылардың пікірінше, елдегі жеңіл рельсті құрылыс нысанының шығыны Қытайдағы ірі, теңіз үстімен өтетін өткелден екі есеге қымбат, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Сәулеті көздің жауын алар, Ханчжоу шығанағындағы көпірге 1,5 млрд АҚШ долларын жұмсаған. Сонда 37 шақырымдық өткелдің әр шақырымы Қытайға 40 млн долларға түскен. Ал, астаналық LRT-ның әр километріне біз 80 млн доллардан жұмсаппыз.

Тағы бір айта кетерлігі Ханчжоу көпірі осыдан 10 жыл бұрын салынған. Сол кездегі доллар бағамын ескергеннің өзінде Нұр-Сұлтандағы LRT бетоннан емес алтыннан құйылғандай. Екі елде құрылыс құны неге жер мен көктей? Бұл сұрағымызға экономист Бауыржан Ысқақов телефон арқылы былай жауап берді.

Бауыржан ЫСҚАҚОВ, ЭКОНОМИСТ:

— Қоғамның ішіндегі кең жайылған індет жемқорлықты жоқ дей алмаймыз. LRT құрылысы кезіндегі өзіндік құнының жоғары болуына, заявка жазылған кезде бағаны тым жоғары қойған. Техникалық-экономикалық негізге сүйенбей бағаны тым қымбат қойған. Және несие проценті де жоғары болған.

Бүгін, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова