jasqazaq.kz

Астана LRT автобус жүргізушісін жұмыстан шеттету себебін түсіндірді

24 тамыз 2018, 15:32

«Astana LRT» компаниясы нөсер кезінде көшеге жиналып қалған терең судан қоғамдық көлікпен өткен жүргізушіні жұмыстан шеттету себебін түсіндірді.

«20 тамыз күні қолайсыз ауа райы кезінде қалалық билік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шаралар қолданды, алайда барлық тұрғындар бұл ережені ұстанған жоқ. Осылайша, «Астана LRT» ЖШС су басқан көшемен жүріп, автобус салонын суға толтырған қоғамдық көлік жүргізушісін жұмыстан шеттетті. Жүргізушінің бұл әрекеті жолаушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндірді және автобустың бүлінуіне әкеп соғар еді», — деп жазды «Astana LRT» ЖШС баспасөз хатшысы Науат Азанбаева әлеуметтік желіде. Атап өткен жөн, жұмыстан шеттету — жұмыстан шығару емес. Қазіргі уақытта қызметтік тексеру жұмыстары жүріп жатыр, соның нәтижесінде нақты шешім қабылданады.

ҚазАқпарат хабарлағандай, нөсер жауған күні Б. Момышұлы даңғылының А.Тоқпанов — Сарайшық көшесі аралығындағы автобус бағдарлары өзгертілген және жүргізушілер құрамына хабар берілген. «Астана LRT» ЖШС әрбір жүргізушіге жолаушыларды тасымалдаудың қауіпсіздік ережесі туралы түсіндіреді. Рульге отырған жүргізуші жолаушылардың өмірі үшін жауап береді және қауіпсіздік бірінші орында тұруы тиіс. Мәселен, жауын-шашын жауғанда жолды көру мүмкіндігі нашарлайды және жайылма судың астында шұңқырлар болуы мүмкін. Бұл жағдайда жүргізуші тасымалдау мен қауіпсіздік ережелеріне, полиция нұсқауына қарамастан жолаушылардың өмірін қатерге тігіп, қолайсыздық туғызды. Бейнежазбаларға қарап, жүргізуші әрекетіне жолаушылардың наразы болғанын тіпті қорыққанын көруге болады», — деп жазды Науат Азанбаева.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді