jasqazaq.kz

«Астана» клубы польшалық «Легиядан» басым түсті

27 шiлде 2017, 11:06

Бүгін УЕФА Чемпиондар Лигасының 3-ші іріктеу кезеңінің ойындары өтті. Кəріқұрлықтың басты турнирінде өнер көрсетіп жатқан «Астана» өз алаңында Польшаның «Легия» командасын қабылдап, 3 — 1 есебімен ұтты.

Алғашқы минуттан қарқынды шабуылдарымен тамаша ойын өрнегін жасаған елордалық ұжымға жанкүйерлер риза. Кездесудің 36 минутында Джуниор Кабананга күтпеген жерден соққы жасап, варшавалық клубтың қақпашысын қапы қалдырды. Торда тулаған бірінші доптан кейін Стоиловтың шəкірттері жігерлене түсіп, тайм соңында Иван Маевский қақпаның алыс бұрышын тура көздеді. Есеп 2-0. Осылай ойынның бірінші 45 минуты аяқталып, командалар үзіліске аттанды. Екінші тайм қарама-қарсы шабуылдармен өрбіп, 75-ші минутта Мокиннің бос қалған қақпасын Армандо тура көздеді. 2-1 деген ыңғайсыз есепке көңілдері күпті бола бастаған астаналықтарды Ганалық шабуылшы қуантты. Төреші негізгі уақытқа алты минут қосып, 94-ші минутта «Астана» таблодағы көрсеткішті өзгертті. Твумаси соққан бұл допта Кабананганың еңбегін ерекше атап өткен жөн. Осылай өз алаңында 3-1 есебімен жеңісті жұлып алған Стоиловтың командасы жауапты кездесуге дайындалады.

Ал матчтың алғашқы ширегінде жарақат алған Джордже Деспотовичке тезірек сауығыуын тілейміз.

Әділет МӘДЕНИЕТ

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық