jasqazaq.kz

Астана қаласында құрылыс жұмыстарының төмендеп кетуі байқалады

12 ақпан 2019, 11:40


Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бірқатар облыстың әкіміне құрылыс жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

«Қазір баяндамалардан көріп отырғанымыздай, қаңтар айының қорытындысы бойынша экономикалық өсімнің бәсеңдеуі байқалады. Дегенмен, жыл жаңадан басталды, жұмысты ретке келтіру қолымызда. Мәселе негізінен құрылыс саласына байланысты. Баяндамада көрсетілгендей, Қызылорда, СҚО, БҚО, Маңғыстау, Ақмола облыстарында және Астана қаласында құрылыс жұмыстарының төмендеп кетуі байқалады. Жылдың басы, өңірлердегі әріптестер мұны бір қалыпқа келтірулеріңізді сұраймыз. Жеке өздеріңіздің бақылауларыңызға алыңыздар»,- деді Үкімет басшысы. Сонымен қатар Премьер-Министр өткен жылдың қараша айында «Арселор Миталл Теміртау» кәсіпорнында апат орын алғанын еске салды. Осы ретте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбекке Қарағанды облысының әкімдігімен бірге қажетті жұмыстарды қолға алып, зауыттағы өнім шығару көлемін қалпына келтіруді тапсырды. «Басқа бағыттар бойынша ешқандай кедергі жоқ, тапсырма берілді. Елбасының Үкіметтің кеңетілген отырысында қойған тапсырмаларын орындауға мүмкіншілігіміз бар. Резерв жеткілікті. Тек қана бірігіп, жұмысымызды одан ары қарай жалғастыруымыз қажет. Асқар Ұзақбайұлы, әдеттегідей бұл сұрақ бойынша өңірлермен бірлесе отырып, әрбір сала бойынша бақылауды қолға алуыңызды сұраймын», — деді Бақытжан Сағынтаев бірінші орынбасары Маминге қарата.

 ҚазАқпарат

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде