jasqazaq.kz

Астана қалалық МКД ЭТҚ офицерінің ұсталған сәті түсірілген видео пайда болды

17 тамыз 2018, 14:27

Астана қаласы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің офицері пара алды деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның Facebook желісіндегі парақшасында офицердің ұсталған сәті түсірілген видео пайда болды. «11 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің қызметкерлері пара алды деген күдікпен Астана қалалық МКД Экономикалық тергеу қызметінің аға тергеушісін әшкереледі. Күдікті 5 мың доллар көлемінде заңсыз сыйақы алып жатқан жерінен ұсталған. Ол бұған дейін ЖШС басшысымен оған қатысты ақша жымқыру дерегі бойынша қозғалған қылмыстың тергеуді тоқтату үшін 15 мың долларға келіскен», — деп хабарлады ведомство өкілдері. Сондай-ақ, ұсталған офицердің кінәсін толық мойындағаны айтылады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.

https://youtu.be/uW1Jy-FLsrQ

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді