jasqazaq.kz

Astana Hub технопаркі құрылады

15 қараша 2017, 17:17

«Технопарк «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) аумағында тіркелетін болады. Сондықтан, қаржылық ұйымдар және финтех-стартаптарға корпоративтік табыс салығы (КТС) мен жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктер беріледі. Өз кезегінде қаржылық емес ұйымдар мен стартаптарға КТС және әлеуметтік салық бойынша салықтық жеңілдіктер көрсетіледі. Бұл шаралар әлі де талқыланып жатыр». Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев сыртқы істер министрлігінде өткен «ЭКСПО-2017 мұрасы» атты дөңгелек үстелде IT-стартаптардың халықаралық технопаркі туралы толыққанды түсіндірме берді.

Министр үкіметтің Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркін құру бойынша жұмыс істеп жатқанын еске салды. Оның үстіне, технопарк құру идеясы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген және жобаның тұжырымдамалық нобайы халықаралық тәжірибені зерттеуге негізделген.

Д.Абаев «Көптеген дамыған елдердің үкіметтері инновациялардың күннен-күнге маңыздылығы арта түскенін сезінді және белсенді түрде стартап-экожүйелердің дамуына инвестиция құюда. Бірқатар халықаралық компаниялармен консультациялар жүргізіп, олардың басшыларымен кездесіп, жұмыстарының нақты механизмін зерттеген соң, стартап-экожүйелерді құру және дамыту, Қазақстанда технологиялық кәсіпкерлік мәдениетін дамыту мақсатында әлемдік стартаперлерді тарту бойынша жоспарымызды жасадық», — деп атап өтті.

Министрдің айтуынша, технопарк үшін жарамды аумағы 10 мың шаршы метрден асатын ЭКСПО-2017 павильоны бөлінген. Қазіргі уақытта павильон жобасы әзірленді және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ғимарат ішінде білім беретін аймақ, коворкинг-кеңселер, келіссөздер бөлмесі, R&D-аймақтар, мәслихат залдары, технопарк серіктестері мен резиденттеріне арналған кеңселер және демалыс аймағы болады. Сондай-ақ, технопарктің стартап-командалары үшін ЭКСПО-2017 ауданынан жалдамалы баспана беруді де жоспарлап отырмыз. Бұл ауданда ірі сауда орталығы, футбол және хоккей стадионы, мұз сарайы, балет театры және ботаникалық бақ бар.

Д.Абаевтың пікірінше, инновациялық экожүйені дамыту құралдарының бірі — корпорациялар мен ұлттық компанияларды тарту. Бұл жағдайда технопарк корпорациялардың технологиялық және басқару мәселелерін шешеуге арналған алаңға айналады.

«Корпоративтік инновациялар аясында корпорациялар мен ұлттық компаниялар тапсырыс беру, стартаптарды инвестициялау мүмкіндіктеріне ие болады. Нарық акселераторлары (нарықтық қатынасты мемлекеттік реттеуде пайдаланылатын көрсеткіш) мен инкубаторлары сараптамалық және консультациялық қолдау көрсететін болады.  Үкімет өз тарапынан инновациялардың дамуына септігін тигізетін нормативтік саясатты үйлестіреді.  Ішкі және халықаралық деңгейде түрлі хакатондар (бағдарламалау марафоны) өткізу де негізгі құралдардың бірі», — деді аталған ведомство басшысы.

Сонымен бірге, инновациялық шешімдерді тестілеу мен сапасын анықтауға қолайлы жағдай жасау мақсатында нормативтік-құқықтық саясатты тұрақты жетілдіріп отыру да үкіметтің негізгі міндетінің бірі болмақ.

Технопарк «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) аумағында тіркеледі, сондықтан резиденттердің еңбек және визалық режимдері оңтайландырылады.  46 елдің оның ішінде ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы — ред.) мүше мемлекеттердің азаматтары үшін 30 күнге дейін еркін визалық режим енгізілді. АХҚО қатысушылары 5 жылға дейін арнайы визалық режимді пайдалана алады, виза беру, жұмысқа рұқсатнама беру үшін «бір терезе» оңтайландырылған тіркеу режимі енгізіледі.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде