jasqazaq.kz

«Астана» футбол клубынан ақша жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

10 қараша 2021, 15:31

Ресейлік футбол функционері және «Астана» футбол клубының сарапшылар кеңесі қорының мүшесі Дмитрий Васильев клубтағы жемқорлыққа қатысты арыз түсірген болатын. Қазір футбол клубынан ақша жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz.

Ақшаны 2018 және 2021 жылдар аралығында жалған келісімшарттар жасау арқылы жымқырды деп топшыланған. Келісімшарт бес футболшы (Исламбек Қуат, Валерий Чуперк, Семир Смайладжик, Лопес Фернандес Энрике, Фатос Бечирай) және бұрынғы бас жаттықтырушысы Андрей Тихоновпен жасалған.

Жүргізілген тексеріс нәтижесінде жалған келісімшарттар еңбек шартынан кейін жасалып отырғаны анықталды. Ақша жымқыру дерегі бойынша «Астана» клубының басшысы Михаил Гурман мен бұрынғы басшысы Давид Лория басты күдікті болып отыр.

30 қазан күні сот футбол клубының қаржылық құжаттары мен бухгалтериялық есептерін алу жайлы қаулы шығарған болатын.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр