jasqazaq.kz

Астана EXPO: өркендеу жолымен

06 желтоқсан 2018, 9:30

EXPO көрмесінің жетістіктері қай жағынан болсын, отандық экономикаға бейімделіп келеді.

Астана EXPO-2017 менеджменті көрмеден кейінгі жаңартылған кешенді көпшілікке паш етті. Заманауи әрі тосын шешімдер ауқымымен таңғалдырады!
«Іргесі» өзгергенімен, көрме аумағы бұрын да, қазір де жетістіктер мекені болып табылады. Астанадағы EXPO-2017 көрмесіндегі нысандардың құрылысы халықаралық көрмені өткізу үшін қолға алынған болатын. Жобалау тек экспонаттарды көрсету мақсатында ғана жүргізілген жоқ. Ұйымдастырушылар әу бастан-ақ, көрме кешенін Елорданың қаржы және туристік орталығына айналуын көздеді. «Астана ЭКСПО» сияқты инвестициялық іргелі жобалар қаланың жан-жақты дамуына ықпал етіп, жаңа жұмыс орындарын ашады. Инвестиция тартып, сол маңайда көлік инфрақұрылымының өркендеуіне серпін береді.

Болашақ аумағы

Бүгінде ЭКСПО кешені мемлекет басшысының бастамалары бойынша жүзеге асып жатқан 4 ауқымды жобаны дамыту және іске асыру алаңы болып табылады.
Айталық, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Еуразия кеңістігінде қаржы қызметін көрсететін жетекші орталыққа айналуы тиіс. Ол инвестиция тартатын ірі драйвер ретінде Қазақстан, Еуропа және Азияны бір-біріне жалғайтын қаржы хабы болады. Жақында АХҚО ғимаратының қабырғасынан әлемдік ірі компанияларының атаулары пайда болады. Оларға көптеген жеңілдіктер көзделген. Ел экономикасындағы серпінді жобаларға қаржы құйып, аталған орталықтың жұмысына атсалысқан компаниялар мен шетелдік инвесторлар АХҚО Халықаралық арбитражының ең жоғары стандарттарымен қорғалады. Басты меже – алдағы үш жылда әлемдегі ТОР–50 қаржы орталықтарының қатарына қосылу.
АХҚО Елордаға «қаржы астанасы» мәртебесін берді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 14 қарашада «Нұр Әлем» Сферасында қаржы орталығының Astana International Exchange (AIX) биржасында алғашқы сауда-саттықты бастады. Әлемдегі уран өндірісіндегі көшбасшы компаниялардың бірі – «Қазатомөнеркәсібі» IPO-ға алғашқы болып шықты.
Astana Hub халықаралық ІТ-стартап технопаркі (әйгілі америкалық Кремний алқабының отандық баламасы) көрмеден кейінгі ең технологиялық жобалардың біріне айналады. Мұнда «made in Kazakhstan» бренді аясында инновациялық технологиялар мен стартаптарды дамытуға қажетті жағдай жасалған.
Ал ІТ-Университет елімізді цифрландыру әлеміне бастайтын мықты қадам болмақ. Ол «Carnegie-Mellon» и «Singularity University» секілді жетекші технологиялық университеттермен бірлесе құрылуда.

Жетістік аумағы

ЭКСПО еліміздің іскерлік нарығы белсенді түрде дамитын алаңға айналады. Жуырда Көрме аумағында жалпы алаңы 35 мың шаршы метрді құрайтын EXPO Business Centre ашылады. Бұл ғимарат А класына жататын офистерге қойылатын халықаралық сапа талаптары бойынша салынды.
2019 жылы Қазақстандағы аса ірі Көрме орталығы іске қосылады. Көпсалалы осы бизнес – аренада халықаралық және ұлттық көрмелерді өткізуге болады. Оның жалпы аумағы – 20 мың шаршы метр.
Аса ірі іскерлік және мәдени іс-шараларды өткізуге арналған ЭКСПО Конгресс–Орталығы сәтті жұмысын жалғастырып жатыр. Дәл осы арада ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу және жабылу салтанаты өткенін атап өткен жөн.
«Нұр Әлем» Сферасы кешеннің орталық нысаны әрі әлемде теңдесі жоқ сәулет өнерінің туныдысы болып табылады. Оның диаметрі – 80 метр. Сегіз қабаттан тұратын нысанның әр қабаты ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетикалық энергияға арналған. Ондаған мың оқушы Сферада «Kids & Student Future Energy» білім бағдарламалары аясында 100 ашық сабаққа қатысып, дәріс алды.
Сфера тұрақты түрде жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы қызықты экспонаттармен толығып отырады. Солардың бірі: ең жаңа интерактивті ойын қондырғылары, «ақылды қалалардың» баламалары, экологиялық машина жасау саласындағы алдыңғы қатарлы жобалар.

Бір жылға есейді

ЭКСПО кешені қазір Астана тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орны болып табылады. Мұнда көңілді әрі мағыналы демалыс өткізуге барлық жағдай жасалған. Дәмхана, балалар алаңы жұмыс істеп тұр. Қыс маусымында мұз айдыны ашылады.
Көрме кешені реновациясының сәтті түрде іске асуы мен ЭКСПО-ның жаңа келбетінің орасан жетістігі Елбасының ЭКСПО мұрасын тиімді пайдалануды қамтитын тұжырымдамада көрініс тапқан көреген саясатының жемісі болып табылады.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді