
Астана әкімі Алтай Көлгінов биылғы қараша айының басында қаладағы медицина мекемелерінің басшыларымен кездесіп, күн тәртібіндегі бірқатар мәселелерді талқылаған еді. Соның ішіндегі маңызды бағыттың бірі медициналық орталықтардың материалдық-техникалық базасын нығайту, және оларды қажетті құрал-жабдықтармен одан әрі жарақтандыру деген болатын қала басшысы. Біз бүгін аталған жұмыстардың нақты жүзеге асып жатқанын көріп отырмыз.
«Жуырда Астана емханалары жаңа автокөліктерге ие болды. Автопарк науқастарға шұғыл жетудің төрт санаты бойынша — үйге, мобильді бригадаларды тасымалдауға және т. б. шақыруларды орындау үшін тағы 50 автокөлікпен толықтырылды», — деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Осыдан сәл бұрын, биылғы жылдың қыркүйек айында ғана жедел медициналық жәрдем станциясына 55 арнайы машина берілген болатын. Жалпы алғанда, қаланың медициналық мекемелері мен жедел медициналық жәрдем станцияларының автопаркі соңғы жылдары 200-ден астам автокөлікпен толыққан.

Соңғы бірнеше жылда медицина мекемелері 3 мыңға жуық арнайы жабдықтармен жарақтандырылыпты. Мысалы, олардың қатарында ультрадыбыстық аппараттар, компьютерлік томографтар, желдеткіштер, жылжымалы флюорографиялық кешендер, цифрлы рентгенографиялық жүйелер және т.б. құрылғылар бар.
Сондай-ақ ол соңғы үш жылда 40 «Үй жанындағы дәрігер» нысаны (оның 7-еуі елді мекендерде орналасқан) ашылған, жыл соңына дейін тағы 10 нысан пайдалануға берілмек.
Бұдан бөлек Астана қаласында бірнеше перзентхананың, «Жағалау-3» амбулаториялық-емханалық кешендерінің және «Нұрлы жол» вокзалы ауданында, Көктал-1, Тельман, Пригородный елді мекендерінде алғашқы медициналық көмек орталықтарының құрылысы жоспарланып отыр екен. Мұндағы мақсат – тұрғындарға әрігерлік көмек көрсетудің сапасын жақсарту.
Абзал Ибрагим, Астана қаласы